Didar AMANTAİ

WhatsApp Image 2022-12-14 at 13.26.40Didar Amantai/ Дидар АМАНТАЙ – писатель, философ, кинематографист. Окончил философский факультет

КазГУ им. Аль-Фараби с отличием. Учился в институте театра и кино. Имел опыт учебы за рубежом, в Братиславе, Словакия. Работал в области масс-медиа, в кинопроизводстве. Лауреат премии «Дарын».

Пишет на казахском и русском языках. Считается первым модернистом в казахстанской литературе. Его рассказы лаконичны, музыкальны, поэтичны. 

Готовит к выпуску 10 томов собрания сочинений. Автор рассказов, повестей, эссе и романов, а также философских текстов. Произведения Дидара Амантая переведены на многие языки мира.

Живет в городе Алматы.


Қайшыласып, бір жүреді екен,

Қалауын байлап қолқаңа,

Сағынышына жүрегі мекен,

Сары уайымға да сол пана.

Беймезгіл естіп өзгерістерді

Қуанып қатты қалдым ба, 

Елең-алаңда тоң-теріс көрді,

Көз ілмей жұрт алдында. 

Бір есі пәни таршылық бардың,

Кеңдігін ашқан бір есі.

Мәңгі қарама-қарсылықтардың

Бірлігі менен күресі.

Құлыптаулы көк сандықтардың,

Кілтін іздеген жұртыма:

Жақсылықтар мен жамандықтардың

Айналып шықтым сыртына.

Әсілі, өршіп, қызып тұрмайды,

Әңгіме Құдай жайғы да,

Ештеңе, сірә, қызықтырмайды,

Қуанышы да,қайғы да.

26.07.2018

АЛМАТЫ ТРАМВАЙЫ

Қош, трамвай, көңіл қошы көктемде, 

Ескі қала бөлігі,

Қосақталып таңға жуық өткенде

Түнгі қонақ көлігі.

Көшелерден бульварларға бұрылып

Кетіп бара жатқанда,

Әйнектерден перделері түріліп

Қарайтын жұрт ақ таңға.

Көз салатын көк тауларға телміріп,

Тұғырдағы қырандай.

Суреттерін бейнелейтін келтіріп,

Сүйретілген трамвай.

Көзі еді көне шаһар кешегі

Естігенде баламын,

Естелігі уақытша деседі,

Біз ұмытқан қаланың.

Күретамыр үзілгендей бір уақ

Шойын жолдар қазылып.

Топырақты қыздырады құр шуақ,

Қиыршық құм жазылып.

Қош, трамвай, маршруты ақырғы

Соңғы сатқан белеттің,

Түсіп қалып қайда сені шақырды

Қалтасынан желеттің.

Қала жұртын тасымалдап жүр еді,

Енді көше қаңғырып,

Кинолардан қозғалады жүрегі

Дүрсілдесе жаңғырып.

Мәңгі есте қалатыны өтірік, 

Естеліктің күймесі,

Жоғалады трамвайға отырып

Жастық шақтың бейнесі…

17.05.2018

Бәрін күтпе,

Бастан-аяқ,

Қойып нүкте

Бастамай-ақ,

Той мақталған,

Құрысын, көп,

Оймақталған,

Бұрышы жоқ,

Нүкте – шеңбер,

Жиынтығы.

Түк демеңдер,

Қиындығы –

Қойылады

Сөзден кейін,

Жойылады,

Сезгендейін,

Иеленіп,

Саяқ қалмай,

Дөңгеленіп,

Аяқталмай

Кептеп қырдан,

Шеті тар ма,

Шектеп тұрған

Шегі бар ма?

Көп мекені,

Кепсіз өлең,

Нүктелері 

Шексіз әлем.

Ойға біткен,

Күтпе елес,

Қойған нүктең

Нүкте емес.

Шексіздіктер!

19.07.2018